Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына Нұр-Сұлтан қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды қарастыратын тарау енгізілді.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен жергілікті атқарушы орган жүз пайызбен қатысатын уәкілетті ұйым – «Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасы реформацияланғандығына байланысты пилоттық жобаны іске асыру Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынының шеңберінде жүзеге асырылды.
Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының және Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 510-1810 қаулысымен бекітілген Реновациялау бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын, Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру құралы ретінде әзірленді.
Бағдарлама тұрғын үй құрылысы, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландырады. Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламада 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасынан және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан коммуналдық инфрақұрылымды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау мен су бұру жүйесін, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері біріктірілген.
Бағдарламада өзара іс-қимыл тетігі белгіленген және ол келесіні қарастырады.
Әкімдікпен бөлінген жер учаскелерінде «Елорда даму» ЖШС тұрғын үй кешендерін жобалауды және олардың құрылысын жүзеге асырады. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігі апатты үйлердің меншік иелерінің арасында бөлу үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде тапсырылады. Әкімдіктің сәйкес бөлімшелері инженерлік желілердің құрылысын және абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар апатты үйлердің тұрғындарын көшіруді және апатты үйлерді бұзуды жүзеге асырады. Жылжымайтын мүліктің қалған бөлігін «Елорда даму» ЖШС бос нарықта сатады, бұл ретте алынған қаражат жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде «Елорда даму» ЖШС жалпы 818,8 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 10 860 пәтерді пайдалануға енгізді. Апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде ауданы 193 мың ш.м. болатын 3 935 пәтер тапсырылды.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңі келесі көрсеткіштермен аяқталды:
- пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы саны 592 мың ш.м. құрады;
- апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде тапсырылған тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың саны 3 519 құрады, осы арқылы 3 471 отбасын көшіру және апатты жағдайдағы бұзылуға жатқызылған коммерциялық орын-жайлардың орнына 48 тұрғын емес орын-жайды тапсыруға жағдай жасалынды;
- пилоттық жобаны қайта инвестициялауға бағытталатын сома 44,5 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңін іске асыру жалғасуда.
2018 жылы «Елорда даму» ЖШС 51,4 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 784 пәтерді пайдалануға енгізді. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен коммуналдық меншікке өтеусіз негізде 95 тұрғын және тұрғын емес орын-жай, оның ішінде: апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін 82 пәтер және апатты жағдайдағы бұзылуға жатқызылған коммерциялық орын-жайлардың орнына 13 тұрғын емес орын-жай тапсырылды, ал қалған жылжымайтын мүлік бос нарықта сатылды.
2019 жылы «Елорда даму» ЖШС 94,3 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 1 472 пәтерді пайдалануға енгізді. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен коммуналдық меншікке өтеусіз негізде 172 тұрғын және тұрғын емес орын-жай, оның ішінде: апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін 171 пәтер және апатты жағдайдағы бұзылуға жатқызылған коммерциялық орын-жайлардың орнына 1 тұрғын емес орын-жай тапсырылды, ал қалған жылжымайтын мүлік бос нарықта сатылды.
2020 жылы «Елорда даму» ЖШС 80,8 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 1 211 пәтерді пайдалануға енгізді. Апатты тұрғын үй иелерін көшіру үшін пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемінен коммуналдық меншікке 211 пәтер өтеусіз негізде тапсырылды, ал қалған жылжымайтын мүлік бос нарықта сатылды.
2021 жылы жалпы ауданы 56,3 мың ш.м. болатын 920 пәтері бар екі тұрғын үй кешенін пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Апатты тұрғын үй иелерін көшіру үшін пайдалануға енгізілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінен коммуналдық меншікке 216 пәтерді өтеусіз негізде тапсыру жоспарлануда, ал қалған жылжымайтын мүлік бос нарықта сатылады.