Өтінім қалдыру

Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз

«Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025 жылғы 17 маусымға дейін "Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Хабарландыру

 

Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.

Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Тұрғындар ағымдағы жылдың 29 сәуірде сағат 15:00 - 18:00 аралығында «Saryarqa» СОО алаңында құқықтық кеңес ала алады.

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.

«Елорда даму» ЖШС 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы сәтті әрі табысты кәсіпорындардың қатарына кезекті рет еніп отыр.

Ұлттық Бизнес-Рейтингтің нәтижелері бойынша біздің кәсіпорын «Сала көшбасшысы – 2019» атағына ие болды!

«Елорда даму» ЖШС көрсетілген сенім үшін барлықтарыңызға алғыс айтады және жемісті ынтымақтастығымыз бұдан әрі жалғасады деп сенім білдіреді.

Сенімділік – бізден, таңдау – сізден!