Өтінім қалдыру

Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз

«Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен

салынып жатқан объектілерден пәтерлерді сатып алу бойынша

іс-қимылдардың алгоритмі

 

Алдын-ала шартты жасасқан сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Сатып алушы өзінің төлем қабілеттілігін растау мақсатында Астана қаласы, Достық көшесі, 5 үй және Республика даңғылы, 10 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Bank RBK» АҚ Репозит-шотын ашу және жүргізу шартын жасасуға және Шарт сомасының 10 (он) % кем болмайтын көлемдегі ақша қаражатын Репозит-шотқа салуға міндеттенеді.

Объект пайдалануға енгізілгеннен кейін Алдын-ала шарттың талаптарына сәйкес компания объектінің құрылысы аяқталғандығы және Сатып алу-сату шартын жасасу қажеттілігі туралы клиенттерге хабарландыру жібереді.

Сатып алу-сату шартының талаптары бойынша клиентке пәтердің толық құнын Сатушының есепшотына төлеу үшін 30 (отыз) банктік күн беріледі:

- жеке ақша қаражатын салу жолымен;

- сатып алынушы пәтерді кепілге қоя отырып, серіктес-банктерарқылы ипотекалық несиелендіру жолымен.