Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына Нұр-Сұлтан қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды қарастыратын тарау енгізілді.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен жергілікті атқарушы орган жүз пайызбен қатысатын уәкілетті ұйым – «Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасы реформацияланғандығына байланысты пилоттық жобаны іске асыру Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынының шеңберінде жүзеге асырылды.
Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасының және Астана қаласының апатты және тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен бекітілген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын, Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру құралы ретінде әзірленді.
Бағдарлама тұрғын үй құрылысы, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландырады. Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламада 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасынан және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан коммуналдық инфрақұрылымды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау мен су бұру жүйесін, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері біріктірілген.
Бағдарламада өзара іс-қимыл тетігі белгіленген және ол келесіні қарастырады.
Әкімдікпен бөлінген жер учаскелерінде «Елорда даму» ЖШС тұрғын үй кешендерін жобалауды және олардың құрылысын жүзеге асырады. Тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігі апатты үйлердің меншік иелерінің арасында бөлу үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде тапсырылады. Әкімдіктің сәйкес бөлімшелері инженерлік желілердің құрылысын және абаттандыру жұмыстарын қамтамасыз етеді, сонымен қатар апатты үйлердің тұрғындарын көшіруді және апатты үйлерді бұзуды жүзеге асырады. Жылжымайтын мүліктің қалған бөлігін «Елорда даму» ЖШС бос нарықта сатады, бұл ретте алынған қаражат жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады.
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде «Елорда даму» ЖШС жалпы 969,2 мың ш.м. тұрғын үйді немесе 13 077 пәтерді пайдалануға енгізді. Апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде ауданы 208,8 мың ш.м. болатын 4 642 пәтер тапсырылды.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңі келесі көрсеткіштермен аяқталды:
- пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы саны 592 мың шаршы метрді құрады;
- апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 3 471 пәтер және 48 тұрғын емес үй-жай тегін берілді;
- пилоттық жобаны қайта инвестициялауға бағытталған сома 44,5 млрд. теңгені құрады.
Жобаның екінші кезеңінің көрсеткіштері:
- пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы саны 342 мың шаршы метрді құрады;
- апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 819 пәтер мен 16 тұрғын емес үй-жай тегін берілді;
- жобаны қайта инвестициялауға бағытталған сома 57,7 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта жобаның үшінші кезеңі іске асырылуда:
2023-2024 жылдары тұрғын үйдің жалпы ауданы – 34,5 мың шаршы метр болатын 576 пәтерге арналған үш тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.коммуналдық меншікке авариялық тұрғын үй иелерін көшіру үшін 304 пәтер берілді, ал жылжымайтын мүліктің қалған бөлігі еркін нарықта сатылуда.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 16-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес "Елорда даму" ЖШС-інде 2021 жылдың наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ұйымдастырылды.
"Елорда даму" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты қызметкерінің телефоны 8 (7172) 25-97-40.
Серіктестік "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" төртінші үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыру шеңберінде құқық қорғау органдарымен және лаңкестікке қарсы комиссиямен жұмыс жөніндегі бөлім ұсынған осы бейне-роликті орналастырды.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС