Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз
ХАБАРЛАМА
«Елорда даму» ЖШС Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының 22-тармағына сәйкес жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025 жылғы 17 маусымға дейін "Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Хабарландыру
Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.
Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Тұрғындар ағымдағы жылдың 29 сәуірде сағат 15:00 - 18:00 аралығында «Saryarqa» СОО алаңында құқықтық кеңес ала алады.
Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.