Өтінім қалдыру

Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз

  

«Елорда даму» ЖШС еліміздің құрылыс саласына қатысы барлық азаматтарың кәсіби мереке – Құрылысшы күнімен құттықтайды! Құрылыс саласы бүгінгі еліміздің экономикасының маңызды буынына айналып отыр.Арман қала, ару қала - Астананың жаңа ғасырдың жасампаз шаһары атануына сіздердің де қосып отырған үлестеріңіз зор. Сіздердің  кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында Астанамызда жаңа үйлер, мектептер мен бала-бақшалар  салынып,  жолдар жөнделуде. 

Сіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, барша бастамаларыңыздың жемісті болуын тілейміз.

сайт www.elorda-damu.kz

 

«Елорда даму» ЖШС кәсіби мереке – Құрылысшы күніне орай 2018 жылдың 11 тамызы ДЕМАЛЫС КҮНІ екендігін хабарлайды.

 

сайт www.elorda-damu.kz

 

Құрметті отандастар! «Елорда даму» ЖШС баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

  


    Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!  Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Жасаған амалдарыңыз, ұстаған оразаларыңыз, оқыған дұғаларыңыз, арман-тілектеріңіз қабыл болсын! Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болып аман-есен жетуге нәсіп етсін! Ораза қабыл болсын!

 


 

 

 

 


«Елорда даму» ЖШС Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.